
Аддис-Абеба, 22 қараша 2022 года – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Шіркеулердің бүкіл африкалық конференциясының (ААСС) Басқарма мүшелерінің Аддис-Абебадағы (Эфиопия) серіктестік ұйымдарымен арнайы кездесуіне қатысты.
Іс-шараға ААСС Бас хатшысы Доктор Фидон Мвомбеки, АСС Басқарма мүшелері, Африка одағы комиссиясының өкілдері, бірқатар донор елдердің елшілері, дамуға көмек көрсету жөніндегі шетелдік агенттіктер, Үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдік шіркеу қорлары қатысты.
Елші Б.Садықов іс-шара қатысушыларына арналған сөзінде оларды ағымдағы жылдың 14-15 қыркүйегінде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезінің қорытындыларымен, сондай-ақ Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясында таратылған декларациясының ережелерімен таныстырды.
Сондай-ақ Қазақстан дипломаты діндер арасындағы диалогты ілгерілету, әлемде төзімділік пен өзара сыйластық мәдениетін дамыту Қазақстанның соңғы 20 жылдағы сыртқы саясатының іргетастарының бірі болып табылатынына назар аударды.
Қатысушылар ү.ж. 20 қарашада өткізілген кезектен тыс президенттік сайлау арқылы Қазақстанда жаңа саяси жүйенің іске қосылуы туралы, осы жаңа заңнамалық шеңберде Қазақстанда әділ мемлекеттің құрылысын бастауға мүмкіндік беретіні туралы хабардар етілді.
Шіркеулердің бүкіл африкалық конференциясы Африкадағы ең беделді ұйымдардың бірі болып табылады және бейбітшіліктің, қауіпсіздік пен дамудың жалпы мәселелерін бірлесіп шешуге, мәдениетаралық және дінаралық диалогтың әртүрлі формаларын қолдауға айтарлықтай үлес қосады. Оның өкілдіктері Африканың 55 елінің 43-дей жұмыс істейді. ААСС-ге Африкадағы 200 миллионнан астам христиандар мүшелік етеді.
Іс-шара барысында ААСС Бас хатшысы Ф.Мвомбеки қазақстандық тарапқа Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезіне қатысуы шеңберінде жақсы ұйымдастырғаны және жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді. Астанада Ф.Мвомбеки Африка атынан сөз сөйледі. Африкадағы ең ірі шіркеу ұйымының басшысы Африка шіркеулері 7-ші діндер съезінің Қорытынды декларациясының ережелерін қолдайтынын растады.