
2022 жыл 11 қараша, Аддис-Абеба қ. - Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі, ҚР Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Сейшел Аралдары Республикасының Елшісі Конрад Медерикпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде бірлескен іс-шараларды өткізуді, екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту жөніндегі ұсыныстарды талқылады.
Тараптар Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасын ашу туралы Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын атап өтті.
Халықаралық құрылымдар мен ұйымдар шеңберіндегі өзара тиімді өзара іс-қимыл жөніндегі міндеттерге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.