
Ағымдағы жылы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Садықов Эфиопия Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Тагессе Чаффомен кездесуі өтті.
Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы жан-жақты талқыланып, тараптар екі мемлекет арасындағы қатынастардың достық және сындарлы сипатын атап шықты.
Елші Б.Садықов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұны, елдің ішкі және сыртқы саясатындағы басым бағыттары және екіжақты саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңею жолдары жөнінде ұсыныстармен таныстырды.
Өз кезегінде, Спикер Т.Чаффо Қазақстанның Эфиопияда Елшілік ашқаны үшін алғысын білдіріп, екіжақты қатынастарды дамытудың ұсыныстарының маңыздылығын және оларға қолдау көрсетуге дайындығын айтты.