2020 ж. 26 ақпанда Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов Эфиопияның Сыртқы істер министрлігінде екі кездесу өткізді - Эфиопияның СІМ Мемлекеттік министрі Редван Хусейн мырзамен және Африка, Африка Одағы және Таяу Шығыстағы мәселелер жөніндегі Тұрақты хатшысы Воинхет Тадессе ханыммен.

Мемлекеттік министр Р.Хуссейнмен кездесу барысында Елші Б.Садықов Қазақстанның Эфиопиямен ынтымақтастықты дамытудың тәсілдерін атап, осындай қарым-қатынастардың үлкен әлеуеті мен тараптар арасындағы өзара түсіністік пен сенімділіктің жоғары деңгейіне назар аударды. Ол саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын ұсынды.

Р.Хусейн Қазақстанмен ынтымақтастықтың, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шеңберінде, оңтайлы тәжірибені атап, Эфиопия СІМ-і екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуды толығымен қолдайды және Қазақстан тарапының ұсыныстарына сәйкес осы бағытта Елшілікпен бірігіп, нақты қадамдар жасайтынын мәлімдеді.

В.Тадессе ханыммен кездесу барысында тараптар ағымдағы жылы 9-10 ақпан аралығында өткен Африка Одағының 33-ші Ассамблеясының қорытындылары бойынша пікір алмасты. В. Тадессе Африкадағы қақтығыстарды шешудің тәсілдері, АО Комиссиясында болып жатқан құрылымдық өзгерістер, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Африканың еркін сауда аймағының іске қосылуы туралы мәліметпен бөлісті.