Қазақстан Елшісі Африка одағының ашық отырысына қатысты

Қазақстан Елшісі Африка одағының ашық отырысына қатысты

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 4 қараша - Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Африкадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жастардың атсалысуына арналған Африка одағы (бұдан әрі - АО) Бейбітшілік және қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты.

Бейнеконференция форматында өткен іс-шараға АО БҚК Хатшылығының, АО Комиссиясының өкілдері, АО жанындағы мүше елдер мен бақылаушы елдердің тұрақты өкілдері, Африка елдерінің үкіметтік емес ұйымдары мен талдау институттары да қатысты.

Іс-шара барысында Африканың мемлекеттік және үкіметтік емес секторларының өкілдері қақтығыстарға тола континентте жастарды бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тарту бағытында атқарылған жұмыстар  мен перспективалар туралы өз есептерімен бөлісті.

АО Комиссиясының рәсімдеріне сәйкес Қазақстан Елшісі Б.Садықов қатысушыларға өз үндеуін жолдап, онда жастарды қазіргі Қазақстанның дамуына тартудың еліміздің тәжірибесімен таныстырды.

Атап айтқанда, африкалық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың кең ауқымы еліміздің мемлекеттік, азаматтық және коммерциялық секторларының кәсіби кадрлық әлеуетін қалыптастыру үшін «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясының маңыздылығы, қазақстандық саяси партиялардың сайлау партиялық тізімдерінде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастар үшін енгізілген міндетті 30 пайыздық квота жөнінде, соңғы жылдары Қазақстанда Волонтерлік қозғалыстың белсенді дамуы туралы хабардар етілді. Елші Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2024 жылы Астанада АӨСШК елдерінің волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының съезін өткізу туралы ұсынысын, сондай-ақ бірқатар жылдар бойы ҚР жоғары оқу орындарында экономиканың түрлі салаларында Ауған мамандарын даярлауға білім беру квоталарын бөлуді мысал ретінде келтіре отырып, Азия континентіндегі сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайтуға жастар ресурсын тарту бойынша Қазақстанның нақты қадамдарын ерекше атап өтті.

Қатысушылар жанжалдарды шешуде жас әйелдердің рөлін арттыру, балаларды пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ тұрақты даму үшін сапалы білімге қолжетімділікті кеңейту қажеттігіне назар аударды.

Бірқатар сарапшылар, жақында 2022 жылғы 29-31 қазанда Аддис-Абебада «Интеграцияланған Африка — Премьер-министр Абий Ахмедтің көпірі» тақырыбымен өткен алғашқы Панафрикалық жастар саммиті барысында Эфиопия Премьер-министрі А.Ахмедтің Африка жастарын зор әлеуеті бар Африканың бас сәулетшілері деген пікірімен келісті.

Жалпы, отырысқа қатысушылардың барлығы 2000 жылғы Африка одағын құру актісі, 2002 жылғы АО Бейбітшілік және қауіпсіздік кеңесін құру туралы хаттама және 2006 жылғы Африка жастар Хартиясы секілді континенттік нормативтік құжаттарда көрсетілгендей, бүкіл Африка халқының шамамен 60 пайызын құрайтын 25 жасқа дейінгі жастардың континенттік қауіпсіз болашағын құрудағы орны зор екенін растады.