Қазақстан Елшісі Руандамен ынтымақтастықтың сауда-экономикалық мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстан Елшісі Руандамен ынтымақтастықтың сауда-экономикалық мүмкіндіктерін талқылады

Кигали, 2022 жылғы 14 қазан – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Б.Садықов Руанда жеке сектор Федерациясының (СӨП) қызметтер кластерінің төрағасы Алексис Нсенгумуремиямен кездесу өткізді.

Елші еліміздің сауда мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құрылысы бойынша саяси және экономикалық реформалары туралы хабардар етті.

Руанда СӨП өкілі өз кезегінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға беріп, пайдалы қазбаларды өндіру, құрылыс, қаржылық және сақтандыру қызметтері, туризм, ауыл шаруашылығы, қонақ үй бизнесі секілді салаларда ынтымақтастықты дамытуды ұсынды.

Сонымен қатар, Руанда тарапы тәжірибе алмасу, сондай-ақ сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамыту мақсатында екі елдің Сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жасасуды ұсынды.