Руанда Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Руанда Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Кигали, 12 қазан 2022 ж. - Бүгін Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы елшісі, Қазақстан Республикасының АС Б. Садықов жанындағы Тұрақты өкілі Руанда Сыртқы істер министрлігі Еуропа, Америка және халықаралық ұйымдар департаментінің бас директоры Гийом Каваругандамен екіжақты кездесу өтті.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Елші өзінің әріптесін Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар және қазіргі геосаяси жағдайдағы еліміздің сыртқы саясатының басымдықтары туралы хабардар етті.
Руанда СІМ Бас директоры ҚР-ның Орталық Азия өңіріндегі маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстанмен достық және өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға мүдделілігін растады.
Жалпы, Тараптар Қазақстан-Руанда саяси және сауда-экономикалық байланыстарын дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруға келісті.