
Аддис-Абеба, 2022 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия Сыртқы істер министрінің орынбасары Тесфайе Илмамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елші Т.Илмаға ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың а.ж.
1 қыркүйектегі жолдауында айтылған Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Елші Қазақстанда а.ж. 20 қарашадағы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы, сондай-ақ 2023 жылдың бірінші жартысындағы кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілетіні туралы айтты.
Сондай-ақ, тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, халықаралық ұйымдарда, оның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.