Африка одағының астанасында Қазақстандағы сыртқы саясат пен реформалар талқыланды

Африка одағының астанасында Қазақстандағы сыртқы саясат пен реформалар талқыланды

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінде еліміздің сыртқы саясаты және мемлекетішілік реформаларына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Эфиопия СІМ өкілдері, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің елшілері, Эфиопияның талдау орталықтарының сарапшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов дөңгелек үстелге қатысушыларды Президент Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен, оның ішінде Жаңа Қазақстан мен Екінші республиканың құрылысы туралы егжей-тегжейлі таныстырып, еліміздің сыртқы саясатындағы басымдықтар туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Елші Қазақстан астанасында ү.ж. 14-15 қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің қорытындылары туралы, соның ішінде дінаралық келісім саясатына, еліміздің сенімді қарым-қатынастарын құруға, жаһандық диалогқа, бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесі, сондай-ақ Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысқаны туралы ерекше атап өтті.

Африкалық елдердің саяси салмағы мен экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Африка елдерімен ынтымақтастықты белсенді етіп, осы өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде 2017-2018 жылдары Қазақстанның БҰҰ-ға тұрақты емес мүшелікке сайлауында 40-тан астам Африка елдерінің қолдау білдіруі болды.

Дөңгелек үстел барысында Эфиопия СІМ-нің Ресми өкілі Елші Дина Муфти Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстанның саяси жүйесін демократияландыруға, әділ жаңа мемлекет құруға бағытталған өзгерістерінің ауқымдығына ерекше тоқтады. Ол барлық реформаларды жүзеге асыруда, сондай-ақ Қазақстанда мерзімінен тыс президенттік және парламенттік сайлау өткізуде табыс тіледі.

«Эфиопиян Хералд» республикалық газетінің бас редакторы Ворку Асфо Қазақстанның адамзат өркениеттерін конфессияаралық диалог арқылы жақындастыру бастамасының маңызы зор екенін атап өтті, себебі мәдени және діни желілер бойынша бөліну бүкіл әлемде тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіреді. Осыған орай, ол Съезд Декларациясында айтылған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің қорытындыларын ерекше бағалады.

Сонымен қатар, В.Асфоның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында атап өтілген парламентаризм мен саяси плюрализмнің, әлеуметтік және экономикалық бостандықтың тереңдеуі қазақстандықтардың өскелең ұрпағы үшін өз елінде одан да бақытты болашақ үшін жақсы перспективалар ашатын болады.

«Мен реформалардың шын мәнінде нені білдіретінін түсіне аламын. Біз Эфиопияда Премьер-министр Абий Ахмедтің басшылығымен барлық ірі негізгі секторларда реформалар жүргізіп жатырмыз, бұл жастар үшін болашаққа деген үміт пен оптимизмді береді. Премьер-министр Эфиопия мен эфиопиялықтардың өз ресурстары есебінен ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатынын көрсетті», - деді В.Асфо.

Капитал газетінің бас редакторы Грум Абат Қ.Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалары тек Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азия өңірінің барлық елдері үшін де маңызды екеніне назар аударды. Оның пікірінше, ең батыл реформалар президенттік мерзімнің бір реттік жеті жылдық мерзімге конституциялық шектелуі, сондай-ақ жаңа экономикалық саясатты іске асыру бойынша бірқатар экономикалық бастамалар, атап айтқанда, бизнеске шамадан тыс әкімшілік жүктемені азайтуға және кәсіпкерлік қызмет үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Сондай-ақ, Грум Абат Қазақстан мен Эфиопия арасында өз қоғамдарының көпұлттылығы мен көпконфессиялы сипаты жағынан ұқсастықтарды тапты. «Эфиопияда 80-нен астам этнос үйлесімді өмір сүреді. Қазақстан үшін де дәл осылай. Екі онжылдыққа жуық Қазақстанда өтіп жатқан Дін лидерлерінің съезі жаһандық ауқымға ие болды», - деп атап өтті Г.Абат.

Іс-шара барысында қатысушылар ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары, Рим Папасы Францисктің тарихи сапары мен мессасы секілді Қазақстандағы маңызды халықаралық іс-шараларды, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Самарқандтағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының 22-ші саммитіне қатысуын талқылады. Олардың пікірі бойынша, Қазақстанның осы іс-шараларда айтылған ұстанымы елдің көпвекторлы сыртқы саясаты қағидаттарының әрталай еместігін білдіртті.

Жалпы алғанда, дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР Президенті Қ.Тоқаев жүргізген саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалап, Қазақстанның мемлекеттік жүйені жаңғыртудағы тәжірибесін, сондай-ақ қазіргі геосаяси шындықтағы көпвекторлық саясатты одан әрі зерттеуге үлкен қызығушылықтарын танытты.