ҚР-дың Эфиопиядағы Елшілігі Эритрея Мемлекетінің Елшілігімен кездесу өткізді

ҚР-дың Эфиопиядағы Елшілігі Эритрея Мемлекетінің Елшілігімен кездесу өткізді

2022 жылғы 6 қыркүйек, Аддис-Абеба – ҚР-дың Эфиопиядағы Елшілігінің қызметкерлері Эритрея Мемлекеті Елшілігінің бірінші хатшысы Шериф Омермен кездесу өткізді.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша, оның ішінде БҰҰ аясындағы ынтымақтастық мәнмәтініндегі Қазақстан-Эритрея өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Эритрея БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшелері болып табылады.