
2022 жыл 2 қыркүйек, Аддис-Абеба қ. - Ү.ж. 2 қыркүйекте ҚР Елшілігі Сейшел Аралдары Республикасы елшілігінің екінші хатшысы Патрисия Илунгамен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық, консулдық саладағы өзара іс-қимыл, БҰҰ құрылымдары мен басқа да халықаралық ұйымдардағы өзара қолдау мәселелері талқыланды.
Тараптар болашақта ынтымақтастықтың өзекті күн тәртібін талқылауды жалғастыруға келісті.