«Solomon Zewdu» компаниясының өкілдерімен өткен кездесу туралы

«Solomon Zewdu» компаниясының өкілдерімен өткен кездесу туралы

31 тамыз 2022 жылы Аддис-Абеба. - Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігінің ғимаратында Эфиопиядан шет елдерге тауарларды жеткізуге және жөнелту ісі бойынша мамандандырылған эфиопиялық  «Solomon Zewdu» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Эфиопия тауар өндірушілерінің тауарларын Қазақстан нарығына Қытай Халық Республикасы, Иран Ислам Республикасы мен Түркия Республикасының халықаралық теңіз порттары арқылы Ақтау теңіз портына дейін жеткізу нұсқалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасына тауар жіберудің оңтайлы жолын анықтау мақсатында одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.