«Organic meat export PLC» компаниясының өкілдерімен кездесу туралы

«Organic meat export PLC» компаниясының өкілдерімен кездесу туралы

24 тамыз 2022 жыл Аддис-Абеба. - Эфиопиялық «Organic meat export PLC» компаниясының ғимаратында 40 жылдан астам уақыт бойы ішкі және халықаралық нарықта жұмыс істеп келе жатқан Эфиопияның халал ет-сүт компаниясының қызметімен таныстық кездесуі өтті. Компания күн сайын Еуропа, Азия және Латын Америкасына 40 тоннадан астам сиыр, қой және тауық етін экспортқа шығарады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және жақын арада өңдеу және сұрыптау, сондай-ақ дайын өнімді буып-түю ісі бойынша өндірістік цехтардың жұмысымен танысу туралы келісті.