Эфиопия СІМ-нің департамент директорымен кездесу туралы

Эфиопия СІМ-нің департамент директорымен кездесу туралы

23 тамыз 2022 жыл, Аддис-Абеба. - Қазақстан Республикасының Елшісі Б. Садықов Эфиопия Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нэбью Тэдла мырзамен кездесіп, БҰҰ және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.