Қазақстан Елшісі Оромо мәдени орталығына барды

Қазақстан Елшісі Оромо мәдени орталығына барды

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 15 маусым - Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Аддис-Абебадағы Оромо мәдени орталығында болып, орталық директоры Гету Биринамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Эфиопия жұртшылығын заманауи қазақстандық мәдениетпен таныстыру үшін Оромо мәдени орталығында мәдени іс-шаралар, көрмелер, кинофестивалдар өткізу мүмкіндігін талқылады.

Елші Эфиопия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективалары туралы айтып, қазақстандық мәдениет пен тарих туралы хабардар етті.

Оромо мәдени орталығының директоры Г.Бирина екіжақты қарым-қатынастар үшін мәдениеттерді жақындастырудың маңыздылығын атап өтіп, осы салада Қазақстан Елшілігімен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Эфиопияның мәдени мұрасы өте бай және үш мың жылдан асады.