Қазақстан Елшісі Эфиопия өнімдерінің халықаралық көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан Елшісі Эфиопия өнімдерінің  халықаралық көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 2 маусым – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия Сауда-өнеркәсіп палатасының шақыруымен Эфиопия өнімдерінің 12-ші халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты.

Көрме Аддис-Абеба қаласындағы Халықаралық көрме орталығында өтуде. Көрмені Сауда-өнеркәсіп палатасы Эфиопияның Сауда және өңірлік интеграция министрлігі, Эфиопияның Еңбек және дағдылар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Көрме барысында Елші Сауда және өңірлік интеграция министрі Гебремескель Чалламен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауданы дамыту перспективалары туралы екіжақты келіссөздер өткізуге келісті.

Көрме павильонын аралау кезінде Елші эфиопияның құрылыс, ауыл шаруашылығы, азық-түлік секторы, инфрақұрылым, бау-бақша, жеңіл өнеркәсіп, тоқыма және туризм салаларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындары өндіретін тауарлармен танысты.