Эфиопиялық сарапшылар Қазақстандағы конституциялық реформаларды жоғары бағалады

Эфиопиялық сарапшылар Қазақстандағы конституциялық реформаларды жоғары бағалады

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 18 мамыр – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының (ISS) директоры доктор Десален Амбамен, сондай-ақ зерттеу орталығының жауапты қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық-эфиопиялық екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары, көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл туралы пікір алмасты.

Елші Б.Садықов институт басшылығын Қазақстандағы саяси және экономикалық трансформацияның жаңа кезеңі, жаңа Қазақстан - екінші Республика құрылысының басталуы туралы хабардар етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған ірі конституциялық реформаны іске асыру бойынша ағымдағы жылғы 5 маусымда Қазақстанда өтетін референдум туралы толық ақпарат берілді.

Конституциялық өзгерістер суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға көшуді жүзеге асыру, Парламенттің рөлін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту мақсатында жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Кездесу барысында Директор Д.Амбо Қазақстандағы саяси жүйені демократияландыру бағытында болып жатқан ауқымды саяси және экономикалық өзгерістерді жоғары бағалап, мемлекеттік басқару, цифрлық дипломатия және зерттеулерді ұйымдастыру саласында тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастық орнатуға мүдделілігін білдірді.

 

Анықтама: ISS - мемлекеттік саясат, сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша Африка мүйізі өңіріндегі жетекші талдау орталықтарының бірі болып табылады. Институт зерттеулер жүргізеді және Эфиопия СІМ басшылығы мен Үкіметіне елдегі және Африкадағы сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында нақты ұсынымдар енгізеді.