Конго Демократиялық Республикасының Елшісімен кездесу

Конго Демократиялық Республикасының Елшісімен кездесу

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 16 наурыз - Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов Конго Демократиялық Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Жан Леон Нганду Идунгпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде екі ел арасында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім жасасу мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ағымдағы жылы қазақстандық делегацияның ДРК-ға сапарын ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Конго ДР Африка одағына (АО) төрағалық еткеннен кейін ағымдағы жылы оның үштігінің мүшесі болып қалатынын ескере отырып, Африка одағымен өзара іс-қимылдың жекелеген мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, АО және Түркітілдес мемлекеттер ұйымы арасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Тараптар Қазақстан мен КДР арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаласты.