Қазақстан Елшісі Эфиопия СІМ-де кездесу өткізді

Қазақстан Елшісі Эфиопия СІМ-де кездесу өткізді

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 23 ақпан – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ Орта Шығыс, Азия және Океания істері жөніндегі жақында тағайындалған Бас директоры Гебееху Гангамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші Г.Ганганы тағайындалуымен құттықтап, қойылған міндеттерді жүзеге асыруда табыс тіледі.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тараптар екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы 2021 жылғы желтоқсанда өткен алғашқы саяси консультациялардың қорытындыларын оң бағалап, екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар перспективалық бағыттары айқындалған консультациялар хаттамасының жиыны тармақтарын орындау бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.