Елші Эфиопиядағы Инвестициялар және нетворкинг орталығына барды

Елші Эфиопиядағы Инвестициялар және нетворкинг орталығына барды

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 10 ақпан – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопиядағы Инвестициялар және нетворкинг орталығына барып, орталықтың негізін қалаушы және директоры, Эфиопияның бұрынғы Президенті доктор Мулату Тешоме Виртумен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың жай-күйін талқылады. Елші Эфиопия Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі болып табылатынын және екі елдің де өзара қызығушылық тудыратын сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

Қазақстан Елшісі М.Тешомеға Қазақстан мен Эфиопия арасындағы екіжақты достық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін алғыс айтты.

 

Анықтама: М.Тешоме 2013-2018 жылдар аралығында Эфиопияның Президенті, сондай-ақ Эфиопияның Қазақстандағы алғашқы елшісі болған.

Эфиопия президенті болып сайланғанға дейін М.Тешоме Түркияда, Қытайда, Жапонияда елші болды және Грузияда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда, Таиландта, Вьетнамда, Индонезияда, Австралияда және Филиппинде қоса өкілеттіктерін атқарды.