Екіжақты сауданы дамыту перспективалары Эфиопиядағы семинарда талқыланды

Екіжақты сауданы дамыту перспективалары Эфиопиядағы семинарда талқыланды

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 28 қаңтар – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі Аддис-Абеба компаниясының бірқатар өкілдерімен екіжақты сауданы дамыту бойынша семинар ұйымдастырды. Кездесу барысында Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі Эфиопия сауда палатасымен және Аддис-Абеба сауда палатасымен бірлесіп 2021 жылғы қыркүйекте қабылдаған өзара іс-қимылдың жол картасы талқыланып, нақты жоспарлармен толықтырылды.

Қатысушылар сауда мәселелері бойынша өткен кездесулер мен семинарларды қорытындылады, ынтымақтастықты дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдарға талдау жасады және перспективаға арналған өзара іс-қимыл бағыттарын талқылады.

Көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу барысында бизнесмендер сауданы дамыту жөніндегі іс-шараларға қатысуға, оның ішінде қазақстандық әріптестерді іздестіру және қазақстандық нарыққа ену үшін олардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша бизнесмендерден келіп түскен ұсыныстарды пысықтау және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.