
Аддис-Абеба, 2022 жылғы 26 қаңтар – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Африка одағы Комиссиясы төрағасының аппарат басшысының орынбасары Ратебай Тордетамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның Африка одағымен ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы мен Африка одағы арасындағы өңіраралық диалогты болашақта дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша диалогты одан әрі дамытуға ниет білдірді.
Анықтама: Қазақстан 2014 жылдан бастап АС-та бақылаушы ел болып табылады.