
Аддис-Абеба, 2022 жылғы 13 қаңтар – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопияның СІМ Азия және Тынық мұхит елдері істері жөніндегі департаментінің бас директоры Молалин Асфомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елші сұхбаттасын елдегі жаппай тәртіпсіздіктердің себептерімен, сондай-ақ Қазақстандағы ағымдағы жағдаймен таныстырды. Еліміз шетелде даярлықтан өткен жақсы үйлестірілген террористік топтардың қарулы агрессиясына ұшырағаны атап өтілді. Бұл ауқымды шабуылдың мақсаты қарулы мемлекеттік төңкерісті ұйымдастыру әрекеті болды.
Сонымен қатар, Б.Садықов ҚР Парламенті жаңа үкіметті тағайындағаны туралы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму және реформалар жөніндегі тапсырмалары туралы хабардар етті.
Эфиопия СІМ департаментінің бас директоры Конституция мен заңдарға, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерге негізделген және елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға бағытталған Қазақстан басшылығының саясатымен қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ, әңгіме барысында М.Асфо Қазақстан азаматтарына, қаңтар трагедиясы барысында зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ 2022 жылға жоспарланған бірлескен іс-шараларды талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.