
Аддис-Абеба, 2022 жылғы 12 қаңтар – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка Одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов эфиопиялық БАҚ журналистері үшін Қазақстандағы жағдайға және елдегі жағдайды қалыпқа келтіру жөніндегі мемлекеттің шараларына қатысты брифинг өткізді.
Іс-шараға Эфиопия СІМ өкілдері, ғылыми-аналитикалық топтар мен қоғам қайраткерлері де қатысты.
Өз сөзінде Елші Қазақстанның шетелде даярлықтан өткен жақсы үйлестірілген террористік топтардың Қарулы агрессиясына ұшырағанын хабарлады. Бұл ауқымды шабуылдың мақсаты қарулы мемлекеттік төңкерісті ұйымдастыру әрекеті болды. Ол қазіргі уақытта Қазақстанның құқық қорғау органдары мен Қарулы күштері «бейбіт наразылық білдірушілерге» емес, террористерге қарсы тұратынын атап өтті.
Б.Садықовтың айтуынша, мемлекет наразылықтарға бейбіт қатысқандарды еш бір қудалаған емес. Олардың талаптары мемлекет наразылықтың алғашқы күндерінде толық естіп, қанағаттандырды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық мемлекеттік объектілерді қорғау міндетін тиімді орындаған және келесі 10 күн ішінде Қазақстаннан кетуді жоспарлап отырған ҰҚШҰ бітімгершілік миссиясы жұмысының нәтижелеріне жоғары баға бергені атап өтілді.
Елшінің айтуынша, бүгінде елде терроризмге қарсы операция және төтенше жағдай режимі жалғасуда. Құқық қорғау органдарына қалыптасқан жағдайдың себептеріне ауқымды тергеу жүргізу тапсырылды, оның нәтижелері халықаралық қоғамдастыққа ұсынылатын болады.
Брифинг барысында ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханның ресми мәлімдемесі таратылып, онда Қазақстанның заң үстемдігіне бейілділігі туралы нақты айтылды. Қабылданған немесе қолдау көрсетілетін барлық әрекеттер біздің Конституциямызға, заңдарымызға және халықаралық міндеттемелерімізге сәйкес келеді деп нақты айтылды.
Сонымен қатар, журналистер ҚР жаңа үкіметін Парламентпен тағайындау туралы, Президент Тоқаевтың жақын болашақта Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму және реформалар, құқық қорғау жүйесін, Қарулы Күштерді, сондай-ақ ҚР-дағы арнайы мақсаттағы күштерді нығайту жөніндегі тапсырмалары туралы хабардар етілді.
Брифинг соңында Елші іс-шараға қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.