
Аддис-Абеба, 2021 жылғы 16 желтоқсан – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дипломатиялық қабылдау ұйымдастырды.
Салтанатты шараға Эфиопия СІМ-нің, Парламенттің жоғары өкілдері, Африка одағы комиссиясы Хатшылығының қызметкерлері, шет мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ Эфиопияның сарапшылары мен бизнес қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін, сондай-ақ биылғы жылы Дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл атап өтілетін Қазақстан-Эфиопия байланыстарын дамытудың зор әлеуетін атап өтті.
Сонымен қатар, Елші қатысушылардың назарын Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктеріне және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз және заманауи мемлекеттің қалыптасуына қосқан зор үлесі туралы айтып берді.
Өз кезегінде, іс-шара қонақтары Қазақстанның бейбітсүйгіш сыртқы саясатын және әлеуметтік бағытталған ішкі саясатын жоғары бағалады.