
Аддис-Абеба, 2021 жылғы 7 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі, Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ Еуропа және Еуропалық Одақ департаментінің бас директоры Генет Тешомемен кездесу өткізді.
Кездесу барысында адам құқықтары, халықаралық саясат, көпжақты дипломатия саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Елші Б.Садықов Эфиопия СІМ департаментінің директорымен Қазақстанның сыртқы саясатының жетістіктері, Мемлекет басшысының демократиялық реформаларының іске асырылуы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қорытындылары туралы бөлісті.
Өз кезегінде, Г.Тешоме Қазақстанды 2022-2024 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесіне сайлануымен құттықтап, көпжақты алаңдарда бірлескен іс-қимыл жасау мақсатында ҚР мен Эфиопия арасындағы диалогты жандандыруға мүдделілік білдірді.