
Аддис-Абеба, 2021 жылғы 6 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ Азия және Океания елдері істері жөніндегі департаментінің бас директоры Молалин Асфомен кездесу өткізді.
Әңгіме барысында тараптар саясат, экономика және сауда саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ, Елші Б.Садықов Мемлекет басшысының демократиялық реформаларының жүзеге асырылу барысымен таныстырды.
Бұдан басқа, тараптар Қазақстан мен Эфиопияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы алдағы алғашқы консультациялардың күн тәртібін келісті. Консультациялар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін бағалауға және екіжақты өзара іс-қимылдың алдағы перспективаға арналған өзара тиімді бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Тараптар өзара іс-қимылдың белсенді динамикасын сақтауда өзара қызығушылықты растады.