
Аддис-Абеба, 2021 жылғы 29 қазан – ҚР Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанында ҚР Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопияның СІМ Азия және Тынық мұхит елдері істері жөніндегі департаментінің бас директоры Молалигн Асфомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, және Қазақстан мен Эфиопия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толуына орай жоспарланған іс-шараларды талқылады.
Атап айтқанда, алдағы уақытта тұңғыш рет рет өткізілетін Қазақстан және Эфиопияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы консультациялардың күн тәртібін келісілді. Консультациялар екіжақты ынтымақтастыққа баға беріп, екіжақты ықпалдастықтың одан әрі перспективаға өзара ұтымды бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.