
Аддис-Абеба, 2021 ж. 24 қыркүйек - Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі, Эфиопияның СІМ, басқа министрліктерінің, Эфиопияның сауда палатасы мен секторалдық қауымдастықтарының (ЭСПСҚ), Аддис-Абеба сауда палатасы мен секторалдық қауымдастықтарының (ААСПСҚ) және Аддис-Абеба қаласының бизнес топтарының 50-ден астам өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан мен Эфиопияның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары туралы" семинар өткізді.
Семинар тақырыбы бойынша ҚР Елшісі Барлыбай Садықов баяндама жасады. Сондай-ақ, қатысушыларға "Қазақстан бүгін" және "Қазақстан экономикасы" атты екі фильм көрсетілді.
Эфиопияның бизнес-топтарының өкілдері өз тарапынан мынадай мәселелер бойынша презентациялар жасады:
- Эфиопия мен Қазақстан арасындағы тауарлардың экспорт-импорты
- Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жасайтын кедергілер;
- Қазақстан мен Эфиопия арасындағы көлік қатынасы. Жай-күйі мен перспективалары.
Өткізілген пікірталас барысында екі елдің саяси және экономикалық мәселелерде түйісу нүктелері, өзара іс-қимылдың басым бағыттарын іздеу қажеттілігі және теңізге тікелей шығудың жоқтығы, көлік қатынасының күрделілігі, саудадағы тарифтік және тарифтік емес кедергілер және т. б. сияқты жалпы проблемаларды бірлесіп шешу қажеттілігі атап өтілді. Бизнес өкілдері Қазақстанның экспорттаушылар және импорттаушыларымен байланыс орнату мүмкіндігіне қызығушылық танытты.
Бірқатар бизнесмендер, Қазақстаннан оларды қызықтыратын тауарларды экспорттауды, Эфиопияда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды бірден бастауға ниет білдірді.
Семинар қорытындысы бойынша, Қазақстан Елшілігімен және Эфиопия сауда палатасы мен секторалдық қауымдастықтар (ЭСПСҚ), Аддис-Абеба сауда палатасы мен секторалдық қауымдастықтар (ААСПСҚ), Эфиопия компанияларымен өзара әрекеттесуінің жол картасы қабылданды.
Аталған палаталарда кездесулер өткізу және кәсіпорындар мен өндірістерге бару, екі жақты сауда - экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеу жоспарланды.