Эфиопияда сыртқы саяси құрылымдар кадрларын даярлаудағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Эфиопияда сыртқы саяси құрылымдар кадрларын даярлаудағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Аддис-Абеба, 2021 жылғы 21 қыркүйек - Бүгін Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықов Эфиопия Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы қатынастар қызметі қызметкерлерін даярлау институтының (СҚҚҚДИ) директоры Арега Хайлумен кездесті.

Кездесу барысында сыртқы саяси құрылымдар үшін қызметкерлерді даярлау бағдарламалары, өзара тәжірибе алмасу перспективалары, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда бірлескен іс-шаралар өткізу, сондай-ақ Қазақстандағы ұқсас құрылымдармен әріптестік қарым-қатынас орнату мүмкіндіктері жөнінде пікірлермен алмасты.

Қазақстан Елшісі жыл сайынғы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауының негізгі мазмұнымен, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қауіпсіздік, даму, мәдениет, оның ішінде "Рухани жаңғыру" саласындағы бастамаларымен, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу бағдарламасымен таныстырды.

Өз кезегінде Арега Хайлу қазақстандық тарапты Эфиопияның дипломатиялық қызметі қызметкерлерін даярлау өлшемдерімен, оқыту нысаны мен кәсіби талаптарымен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар дипломатиялық қызмет қызметкерлерін даярлау тәжірибесімен алмасу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуғажәне бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.