
Аддис-Абеба, 2021 жылғы 13 қыркүйек - Бүгін Қазақстан Республикасының ЭФДР-дағы Елшісі Б.Садықов Аддис-Абебаның сауда палатасы және секторалдық қауымдастықтар (ААСПСҚ) Бас хатшысы Гетачью Регасса мырзамен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандырудың практикалық қадамдары талқыланды.
Қазақстан мен Эфиопияның сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі семинарды бірлесіп өткізу туралы келісімге келді.
Тараптар кейіннен тығыз өзара іс-қимыл жасауға, оның ішінде екіжақты сауда айналымының нақты өсуіне қол жеткізу мақсатында компаниялардың нысаналы топтарымен кездесулер ұйымдастыруға келісті.