
Аддис-Абеба, 2021 жылғы 10 қыркүйек - Бүгін Қазақстан Республикасының ФДРЭ-дегі Елшісі Барлыбай Садықов Эфиопияның сауда палатасы және секторалдық қауымдастықтар (ТПСАЭ) Бас хатшысының орынбасары Вубие Менгистумен және ТПСАЭ инвестицияларға жәрдемдесу департаментінің директоры Б.Мезгина Эзрамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, мұндай ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті және оны ашуға күш салу қажеттілігі атап өтілді.
Б.Садықов Қазақстанның экономиканы дамыту, сыртқы сауда және инвестициялар тарту саласындағы жетістіктерімен, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі, Астана халықаралық қаржы орталығы сияқты бірегей құрылымдардың жұмысы, Қазақстандағы бизнес ахуалы туралы айтып берді.
Вубие Менгисту Мырза Эфиопия Үкіметінің сауда саясаты туралы, мемлекет пен бизнес-құрылымдардың өзара іс-қимылы туралы, барлық өңірлік және қалалық СӨП (сауда-өнеркәсіп палатасы) біріктіретін, шет елдермен тығыз өзара іс-қимыл жасайтын және көрмелер, конференциялар, жәрмеңкелер ұйымдастыратын СПСҚ қызметі туралы хабардар етті.
Эфиопиялық сұхбаттасушылар Қазақстанның экономиканы, сыртқы сауданы дамытудағы, инвестицияларды тартудағы және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы тәжірибесіне шынайы қызығушылық танытты.
Тараптар сауданы дамыту, үкіметаралық келісімдер жасасу, екіжақты іскерлік кеңес құру, Қазақстан мен Эфиопияның бизнес-делегацияларымен алмасу перспективаларын талқылады.
Тараптар 2021 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі семинарды бірлесіп өткізу, компаниялардың нысаналы топтарымен кейінгі кездесулер, екі елдің СӨП арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жобасын әзірлеу, Эфиопия өңірлеріне сапарларды ұйымдастыру, сондай-ақ ынтымақтастықты жандандыру мақсатында пайдалы ақпаратпен алмасу туралы келісімге келді.