
Аддис Абеба, 2021 жылғы 9 қыркүйек – ҚР Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов Эфиопияның СІМ Азия және Тынық мұхит елдері істері жөніндегі департаментінің бас директоры Молалигн Асфомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, сондай-ақ Қазақстан мен Эфиопия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толуына орай жоспарланған іс-шараларды талқылады.
Эфиопиялық дипломат Президент Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырылды. Президент азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, саяси жүйені одан әрі демократияландыруға және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды шаралар кешенін белгілегені атап өтілді.
Сондай-ақ, Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанда бірқатар маңызды халықаралық іс-шараларды, оның ішінде 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезін өткізуге дайындық туралы хабардар етті. Б.Садықов осы маңызды халықаралық іс-шараны дайындау мен өткізудегі «Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығының» ерекше рөлін атап өтті.
Тараптар халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты. Қазақстандық дипломат еліміздің 2021-2022 жылдарда АӨСШК-ке төрағалық еткені және 2022 жылы Азиядағы бұл маңызды халықаралық форумның 30 жылдығы аталып өтетіні туралы айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.