Эфиопияда Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған фотокөрме ұйымдастырылды

Эфиопияда Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған фотокөрме ұйымдастырылды

Аддис-Абеба, 2021 жылғы 30 тамыз - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінде «Қазақстан – әлемдік қоғамдастық таныған» атты тақырыбында тұрақты фотокөрме ұйымдастырылды.

Көрмеге Эфиопияның ресми және қоғамдық топтарының, Африка одағы комиссиясы Хатшылығының өкілдері, Эфиопияның ғылыми және зерттеу орталарының өкілдері, Аддис-Абеба университетінің студенттері, сондай-ақ бірқатар эфиопиялық басылымдардың журналистері қатысты.

Қонақтар Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен тәуелсіз дамудың үш маңызды онжылдығындағы еліміздің жетістіктерімен танысты.

Келушілерге Қазақстанды халықаралық қоғамдастықпен тану жолындағы ең маңызды сәттерді, сондай-ақ еліміздің қосқан үлесі мен жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі миссиясын көрсететін фотоэкспозиция ұсынылды.