
АДДИС АБЕБА, 2021 жылғы 20 тамыз – ҚР Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов «The Ethiopian Herald» үкіметтік газетінің бас редакторы Ворку Асфомен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ақпараттық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақстан Елшісі тәуелсіз дамудың 30 жыл ішіндегі Қазақстанның жетістіктері мен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды мемлекеттік реформалар туралы хабардар етті.
Тараптар 2021 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан мен Эфиопия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толғанын атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін айтты.