
АДДИС АБЕБА, 2021 жылғы 12 тамыз –Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі Барлыбай Садықов «Оромо азаттық қозғалысы» (OLM) партиясының қоғаммен байланыс жөніндегі басшысы, Геокеңістіктік ақпарат институтының аға ғылыми қызметкері Тессема Хундумамен кездесті.
Елші сұхбаттасын биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан мен Эфиопия арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толуы туралы хабардар етті.
Т.Хундума Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалап, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді.
Бұған дейін Т.Хундума Елшіліктің түрлі іс-шараларына белсене қатысып, «The Ethiopian Herald» Эфиопияның Ұлттық газетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың қызметіне арналған мақаласын жариялаған болатын.