Эфиопиямен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту

Эфиопиямен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту

АДДИС-АБЕБА, 2021 ж. 31 шілде. – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту шеңберінде Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 2013-2022 жылдары кезеңін «Мәдениеттерді жақындастырудың онжылдығы» деп жариялау туралы қарарының мәнмәтінінде Қазақстанның бастамасымен қазақ режиссері Рүстем Әбдірашевтің «Сталинге сыйлық» кинофильмі көрсетілді.

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойының маңыздылығын және оның дамуының негізгі кезеңдерін атап өтіп, қатысушыларды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың мәдениет саласындағы бастамаларымен, оның ішінде Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұнымен, елдегі ағымдағы саяси реформаларымен таныстырды.

Іс-шара Эфиопия жұртшылығын еліміздің жетістіктерімен және мәдениетімен таныстыру, екі ел мен халықтар арасындағы жан-жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Мәдени кеш қонақтарына Елшілік Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары бойы қол жеткізілген жетістіктеріне арналған фотокөрме ұсынылды.

Іс-шараға қатысқан Эфиопия тұрғындары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудағы жетістіктеріне, Қазақстанның қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі халықаралық аренадағы, ең алдымен ядролық қарусыздану, таратпау, мәдениеттер мен діндердің үндесуі саласындағы бастамаларына жоғары бағалар берді.

Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі жанындағы Қазақ мәдениеті орталығы құрамында «Қазақстан достары клубын» құру туралы шешім қабылданды.