ЮНЕСКО аясында Эфиопиямен ынтымақтастықты дамыту

ЮНЕСКО аясында Эфиопиямен ынтымақтастықты дамыту

Аддис-Абеба, 2021 жылғы 25 маусым – Бүгін Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықов Эфиопияның ЮНЕСКО істері жөніндегі арнайы комиссиясының бас хатшысы д-р Безавит Гырмамен кездесті.

ЮНЕСКО аясында және Эфиопияның Дүниежүзілік мұра комитетінің Атқарушы кеңесіне мүшелігін ескере отырып, сондай-ақ Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы Конвенция шеңберінде өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Тараптар ЮНЕСКО-ның және аталған Конвенцияның негізгі қағидаттарын іске асыруда да тығыз ынтымақтасуға уағдаласты.