
Аддис-Абебақ.,2021 ж. 24 маусым. Бүгін Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықов Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республиканың Білім министрі Инг Гетахун Мекуриямен кездесті.
Елші сұхбаттасын Қазақстандағы білім беру жүйесімен, ғылыми әлеуеті мен және елдің халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларымен таныстырды.
Қазақстанның конкурстық негізде өткізілетін және оған Эфиопия азаматтары қатыса алатын білім беру гранттарының бағдарламасы туралы хабардар етті.
Эфиопияның ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің Атқарушы кеңесіне мүшелігін ескере отырып, осы Ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Министр Д-р Инг Гетахун Мекурия эфиопиялық тараптың Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін және білім беру саласы «идеалдық бағытты»екенін атап өтті. Қазақстанның жақсы білім беру дәстүрлері бар екенін және Африкадан келген көптеген студенттер Қазақстанда білімалғанын атап өтті.
Шетелдік студенттерге арналған білім гранттары бағдарламасын құптады және алдағы білім беру мәселелері жөніндегі конференцияда Эфиопия өңірлерінің барлық басшылары ҚР-да білім алу мүмкіндіктері туралы хабардар болады деп сендірді.
Министр эфиопиялық мамандар үшін біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.
Тараптар білім беру бағдарламалары желісі бойынша және ЮНЕСКО шеңберінде өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті