
Аддис-Абебақ.,2021 ж. 18маусым. Бүгін Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықов Конго Демократиялық Республикасының Эфиопиядағы елшісі Жан Леон Нганду Идунгамен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты және көпжақты форматтағы өзара ара-қатынастың өзекті мәселелері талқыланды. Екі ел арасында инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім жасасу туралы мәселе талқыланды.
Ү.ж. КДР Африка Одағында төраға болып табылатынын ескере отырып, Африка Одағымен өзара іс-қимылдың жекелеген мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан бастамашылық еткен ЮНЕСКО-ның 2013-2022 жж. «Мәдениеттерді жақындастыру онжылдығы» деп жариялау туралы Қарарының мәнмәтініндегі АО пен ТҮРКСОЙ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, елдердің «COVID-19» коронавирус пандемиясымен күрестегі өзара ара-қатынас мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан Елшісі сұхбаттасын қазақстандық QAZVAC вакцинасы өндірісінің іске қосылуымен және оны Африка Одағы елдеріне жеткізу перспективаларымен таныстырды.
Тараптар Қазақстан мен КДР арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара ара-қатынасты жалғастыру туралы уағдаласты.