
Аддис-Абеба, 2021 жылғы 27 мамыр – Бүгін Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ Көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Бас департаментінің Директоры Юсеф Кассаи мырзамен кездесті.
БҰҰ күн тізбегіндегі өзекті халықаралық мәселелер, соның ішінде ядролық қаруды таратпау өзара ынтымақтастық іс-қимыл саласындағы мәселелері , халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, климаттың өзгеруі және т.б. саласындағы бойынша сындарлы пікір алмасу болды. Эфиопиялық дипломат Қазақстанның бірқатар халықаралық бастамаларымен танысты.
Әңгіме барысында көпжақты форматтағы өзара ынтымақтастық іс-қимыл мәселелері талқыланды. Екі ел де теңізге шыға алмайтынын және қазіргі кезде Қазақстан теңізге шыға алмайтын БҰҰ-ның елдер тобының төрағасы екенін ескере отырып, бұл тақырып ерекше назарға ие болды. Елдеріміздің халықаралық ұйымдардың басқару органдарына сайлауда өзара қолдау мәселелері де талқыланды.