
04 желтоқсан, 2020 жыл, Аддис-Абеба, - Бүгін Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Жаужүрек Мың бала» атты қазақстандық тарихи фильмнің көрсетілімін өткізді. Өған Аддис-Абеба университетінің студенттері мен мұғалімдері қатысты. Қатысушыларға Қазақстан халқының тәуелсіздік үшін күресі туралы ақпарат, сондай-ақ Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен елдің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері туралы фотокөрме ұсынылды.