Аддис-Абебада Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні аталып өтті

Аддис-Абебада Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні аталып өтті

27 қараша, 2020 жыл, Аддис-Абеба, - Бүгін Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған семинар өткізді. Өған Сыртқы істер министрлігінің, ғылыми-зерттеу институттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Аддис-Абеба университетінің студенттері қатысты.

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Б.Садықов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы презентация жасады. Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан табысты саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізгені атап өтілді. Қазақстан заманауи, демократиялық, дамыған мемлекет, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.

Елбасының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы, ядролық қарусыздану мен таратпау үдерісіне үлес қосудағы, сенім шараларын құру және жанжалдарды болдырмайтын және бейбітшілікті сақтаудағы рөлі ерекше атап өтілді. Қоғамдағы этносаралық және дінаралық қатынастарды, толеранттылық пен келісімді үйлестіру саясатының маңыздылығы айтылды.

Семинарға қатысушылар үшін фотокөрме ұйымдастырылып, Елбасыға арналған фильм көрсетілді.

Сонымен қатар, 25 қарашада Эфиопияның танымал «Капитал» газетінде Елбасының қызметі туралы мақала жарияланды. Мақалада ядролық қарусыздану, терроризмге қарсы күрес және өркениетаралық диалог салаларындағы Елбасының халықаралық бастамалары әлемнің бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне қосылған үлесі зор екендігі аталған. Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, ислам әлемі елдерімен стратегиялық және кеңейтілген серіктестік және әлемнің барлық елдерімен достық қатынастарын орнатты.