Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Сыртқы істер министрлігінде Тыграй аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау шараларын талқылады

Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Сыртқы істер министрлігінде Тыграй аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау шараларын  талқылады

Аддис-Абеба, 11 қараша 2020 жыл - Қазақстан Республикасының
Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі
Б.Садықов Эфиопия Сыртқы істер министрлігінің Ахуал орталығы
департаментінің директоры Гифти Аббасиямен кездесті.
Кездесу барысында Тыграй аймағындағы жағдайға қатысты мәселелер,
сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі мен эвакуациясын
қамтамасыз ету шаралары талқыланды.