Эфиопияда сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі шаралар талқыланды.

Эфиопияда сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі шаралар талқыланды.

Аддис-Абеба, 2020 жылғы 20 қараша - Қазақстан Республикасының
Елшісі Б.Садықов Эфиопия Федеративтітік Демократиялық
Республикасының Сауда және өнеркәсіп Министрі Мелаку Алебел мырзамен
кездесті.
Әңгіме барысында елші Б.Садықов Қазақстан Республикасы Үкіметінің
экономикалық реформаларды жүргізу, COVID-19 пандемиясының салдарын
жою және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында
көрсетілген әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша қабылдаған
шаралары туралы Міністрдің назарына жеткізді.
Б.Садықов экспорттық әлеуетті кеңейту және инвестицияларды тарту
бойынша Қазақстанның саясаты, «Астана» халықаралық қаржы
орталығының қызметі туралы хабардар етті.
Министр Мелаку Алебел өз тарапынан Эфиопияның Қазақстанмен
сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге деген
үлкен қызығушылығын және осындай өзара іс-қимылдың зор әлеуетін атап
өтті.
Кездесу қорытындысы ретінде өзара іс-қимылды арттыру бойынша
бірлескен шаралар қабылдау, соның ішінде 2021 жылы бизнес-форум өткізу
туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.