
2020 жылғы 31 қазан, Аддис-Абеба қаласы. Қазақ мәдени орталығында Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігінің қызметкерлері "Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі Қазақстан тарихы" және "Ұлттық ою-өрнектердің мәні мен түрлері" тақырыптарында дәрістер оқыды. Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қазақтың ұлттық өрнектерін жасау бойынша оқыту шеберлік сабағына қатысты.
Қазақстандық режиссер Р. Әбдірашевтің "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" түсірген қазақ тілінде фильм көрсетілді.
Қазақ мәдени орталығы ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Елшілік ғимаратында жұмыс істейді. Онда ұлттық өнер бұйымдары, Қазақстан туралы және Абайдың шығармашылық мұрасы туралы кітаптар қойылған.