
ҚР-дың Эфиопиядағы Елшісі Б.Садықовтың Бахр-Дар қаласына, Амхара Ұлттық Аймақтық Штатына екікүндік сапары өтті (ү.ж. 28-29 қазан). Сапар барысында Қазақстан туралы, сауда-инвестициялық, білім және ғылым, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері жөнінде семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға Амхара Ұлттық Аймақтық Штатынын Вице-президенті Фента Мандерфо Абат (Fenta Mandefro Abate) мырза, білім беру, мәдениет және туризм, сауда мен маркетті дамыту, өнеркәсіп және инвестициялар бойынша аймақтық құрылымдардың және Бахр-Дар мен Гондэр қалалары әкімдері мен Университеттерінің ректорлары қатысты.
Аталмыш іс-шараның қорытындысы ретінде Тараптардың барлық салаларда, оның ішінде сауда-инвестициялық салада да, өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуде барлық күш-жігер салынатыны туралы уағдаластықтарға қол жеткізілгенін атап өтеміз.