Ағымдағы жылдың 12 қазанда Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігінің ғимаратында ұлы ақын мен ағартушы Абай және кемеңгер ғалым, Шығыстың философы Әл-Фарабидің мерейтойларына арналған «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» тақырыбындағы семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға болу елінің СІМ, Қауіпсіздік жөніндегі зерттеу институты, БАҚ өкілдері және Аддис-Абеба университетінің студенттері қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Б.Садықов Абай мен Әл-Фарабидің бай шығармашылық мұралары, олардың Қазақстанның және әлемнің қазіргі заманғы мәдениетіне ықпалы туралы баяндап, қатысушылардың көптеген сұрақтарына, соның ішінде Қазақстанның мәдениеті, дәстүрлері, тарихы, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, сыртқы саясаты туралы жауап берді.

Аталмыш іс-шара Абай мен Әл-Фараби туралы көрнекі стендтермен, олардың шығармашылығы туралы кітаптармен, сондай-ақ Қазақ

мәдениетінің тұрмыстық заттарымен арнайы ұйымдастырылған мәжіліс залында өтті. Елшілік қызметкерлерінің қазақ тілінде орындаған Абай шығармалары қатысушылардың жанды қызығушылығы мен жоғары алғысын көрсеткенін атап өтеміз.

Сонымен қатар, семинар аясында Қазақстан туралы фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылып, Ұлы даланың көрнекті өкілдері Абай мен Әл-Фарабидің мұралары туралы ақпарат таратылды.