2020 ж. 8 қазанда Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов Африка Одағы Комиссиясының Төрағасы Муса Факи Махаматпен кездесті, оның барысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Африка Одағы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі ретінде тағайындалу туралы хаты табыс етілді.

2020 ж. 8 қазанда Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов Африка Одағы Комиссиясының Төрағасы Муса Факи Махаматпен кездесті, оның барысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Африка Одағы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі ретінде тағайындалу туралы хаты табыс етілді.

2020 ж. 8 қазанда Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов Африка Одағы Комиссиясының Төрағасы Муса Факи Махаматпен кездесті, оның барысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Африка Одағы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі ретінде тағайындалу туралы хаты табыс етілді.

Сұхбат барысында Елші Б.Садықов Африка Одағының рөлін мен қызметін атап өтті, Қазақстанның бұл ұйыммен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін және қарым-қатынастарды сапалы арттыруға әрі жемісті өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын ашуға күш-жігер салатынын атап өтті.

Елші комиссия төрағасын Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен, ел басшылығының саяси және экономикалық реформаларды жүргізуде іске асырылатын шараларымен таныстырды.

Тұңғыш Президент - Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы, маңызды халықаралық бастамаларды, оның ішінде АӨСШК, ИЫҰ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бастамаларын жүзеге асырудағы рөлі, АҚИҰ дамушы елдерде, оның ішінде Африка елдерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлкен әлеуетке ие екендігі атап өтілді.

Президент Қ.Тоқаевтың COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі БҰҰ БА-ның 75 сессиясында, оның ішінде БҰҰ ҚК-не есеп беретін биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық Агенттікті құру бойынша бастамалары егжей-тегжейлі баяндалды.

Б.Садықов Афроодақтың пандемиямен күрестегі қызметін оңтайлы бағалап, қазіргі дағдарыстық жағдайда Оңтүстік-оңтүстік желісі бойынша ынтымақтастық, сондай-ақ теңізге шыға алмайтын елдердің мүдделерін белсенді ілгерілету ерекше маңызды екендігі атап өтілді. Қазақстан теңізге шыға алмайтын елдер тобының төрағасы ретінде осы топтың мүдделерін халықаралық алаңдарда ілгерілететін болады.

Африка елдерінен кадрлар даярлау үшін Нұр-Сұлтандағы Мемлекеттік қызмет өңірлік хабының әлеуетін пайдалану болашағы атап өтілді.

Елші Африка Одағы Хатшылығының өкілдерін ұйымдастырылатын іс-шараларға, оның ішінде Елбасы феноменіне арналған семинарға, теңізге шыға алмайтын елдер мәселелері жөніндегі семинарға және т. б. іс-шараларға қатысуға шақырды.

АО Комиссиясының Төрағасы Муса Факи Махамат Қазақстанға Африка Одағымен белсенді ынтымақтастығы және оның Африкаға қатысты халықаралық бастамалары үшін алғысын айтып, Африка елдерінің көбісі ИЫҰ-ға мүше екенін және Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу мақсатында АҚИҰ әлеуетін пайдалану маңызды екенін атап өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты Муса Факи Махамат Африканың еркін сауда аймағын іске қосудан кейін әлемнің көптеген елдерімен ынтымақтастық жандана түсетінін атап өтіп, Қазақстанның Африка елдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтетініне сенім білдірді.

Муса Факи Махамат Қазақстанды АО өткізетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды, ұйым біздің елмен тығыз ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.

 

Анықтама: Африка одағы – 55 мүше мемлекеттен тұратын аймақтық ұйым. 2002 жылдың шілдесінде Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында 1999 жылдың қыркүйегінде ашылған Африка Бірлігі Ұйымының (ОАЕ, 1963-1999) жұмысын жалғастыру мақсатында жаңа континенталды ұйым құру туралы шешімінен қабылдады.

2013 жылғы қарашада Қазақстан АО -да бақылаушы болды, олардың ішінде АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония, Үндістан, Түркия, Еуропалық Одақ, БҰҰ бағдарламалары мен қорлары, Халықаралық Қызыл крест Комитеті және көптеген басқа да 70-тен астам ел мен халықаралық ұйымдар бақылаушы мәртебесіне ие болды.

Осы өңірлік институттағы байқаушы мәртебесі бар Қазақстанға Африка мемлекеттерімен ынтымақтастықты тереңдету және еліміздің сыртқы саяси бастамаларын халықаралық сахнада ілгерілету үшін мүмкіндіктер береді.