
Ү.ж. 6 қазанда Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінде Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен Қазақ мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Орталықта Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар, Абай және Әл-Фараби мұралары туралы фотостендтер орналастырылған. Ұлттық кәдесыйлар мен қазақ авторларының кітаптары бар сөрелер безендірілді. Сонымен қатар, Қазақ киіз үйінің ішкі көрінісін бейнелейтін этникалық бұрыш безендірілді. Орталықтың бір бөлігі Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін насихаттау бойынша семинарлар мен іс-шараларды өткізу үшін сахнасы мен экраны бар көрермендер залына арналған.
Орталықтың міндетіне Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша түрлі тақырыптық іс-шаралар, соның ішінде концерттер, семинарлар, Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын өткізу, бейнефильмдер көрсету кіреді.
Орталық Эфиопия қоғамын Қазақстан халқының мәдени мұрасымен, ұлы ақындар мен ойшылдар Абай, Әл-Фараби және Қазақстанның басқа да көрнекті мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығымен таныстырады.